Дәленов журналистерге костюмін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәленов журналистерге костюмін көрсетті видеодан үзінді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистерге костюмін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистерге костюмін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет баспасөз конференциясында министрден бүгінгі отырысқа қандай костюм киіп келгені туралы айтып беруін сұрады. 

"Мен Мемлекет басшысының сөзін толық қолдаймын. Мен қазақстандық өнімдерді тұтынамын. Мысалы үстімдегі костюм Қазақстанда жасалған. Қазақстандық тауар", - деп көрсетті Дәленов үкіметтің баспасөз конференциясында. 

Видеодан осы сәтті 11 минут 40 секундтан көруге болады. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қалай киінетіні жайлы айтып, отандық брендтерге назар аударуды ұсынды.

"Мен арнайы дүкендерге кіріп, костюм киіп көрдім. Өте сапалы. Аяқ киім жасайды. Ал біз бәрін импорттаймыз, ол төрт-бес есе қымбат. Олар өздері кимейтінді бізге тасып жатыр. Біз соған жармасамыз, өйткені біз үшін бұл қолжетімсіз болған еді кезінде, сол себепті киеміз. Өзіміз өндіріп жатқанды көрмейміз", - деп атап өтті Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети