"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына жаңа басшы тағайындалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына жаңа басшы тағайындалды Гаухар Бөрібаева.

Гаухар Бөрібаева "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гаухар Бөрібаева "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында ол басқарма төрағасының орынбасары болған. "Даму" қорының бұрынғы басшысы Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкінің басшысы болып тағайындалды.

Гаухар Бөрібаева Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.

Ол еңбек қызметін 2003 жылы Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер болып бастады. Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Альянс Банк" АҚ, "Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы" АҚ-да (қазіргі "ҚТЖ Express" АҚ), "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалында жұмыс істеген.

2013 жылғы тамыздан 2017 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Істер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы маусымға дейін "Даму" қоры Әкімшілік департаментінің директоры, Басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылғы маусымнан бастап "Даму" қорының Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети