19 маусым 2017 | 13:18

Дамыған 30 елдің қатарына енетінімізге күмән көп - сенатор Ершов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі Сергей Ершов Қазақстанның 2050 жылы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енетініне күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі Сергей Ершов Қазақстанның 2050 жылы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енетініне күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылы мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары болып бекітілген 479 арнаулы индикатордың 372-сіне ғана немесе 78 пайызына ғана қол жеткіздік. Арнаулы индикаторлардың 83-і ДЭФ бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінің индикаторы болып саналады, оның 39 пайызы ғана орындалған. Аса назар қойып айта кеткім келетіні, ДЭФ мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық рейтингін жүргізеді, ал Мемлекет басшысы Қазақстан 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіруі керек екенін нақты айтты. Бұл жағдайда осы мерзімге тапсыраманың барлығын орындай алатынымызға күмән көп", - деді сенатор Парламент палаталарының біріккен отырысында 2016 жылдың республикалық бюджетінің орындалуын талқылау барысында. 

Ершов мұндай жағдайларды болдырмау үшін үкіметтің қажетті шараларды қабылдауы керек екенін айтып өтті. Сол шаралардың бірі әрбір индикатор бойынша орындауға жеке жауапкершілікті бекіту, сондай-ақ, олардың өзектілігін, әділдігін және жүзеге асырылуын анықтау. 

"Бюджет бағдарламалары бюджет қаражатын игеруді сипаттайды. Алайда бюджет наурызда және қазанда екі рет нақтыланса, игерудің сапасына баға беру қиын. Республикалық бюджетті іске асыруға қабылданған үкімет қаулысы 31 рет өзгерді. 17 өзгеріс төртінші тоқсанда болды. Бір күнтізбелік мерзімге өзгеріс енгізу туралы 2-3 қаулыдан келеді. Есеп комитетінің пікірімен келісеміз, олар мұндай деректердің республикалық бюджетті іске асыру процесін айтарлықтай қиындатып отыр деп үкімет қаулысын түзетуге жүйелі талқылаудың жоқтығын айтқан", - деді Ершов. 

Бұған қарамастан, сенатордың айтуынша, параметрлер түзетілгеннен кейін бюджет қаражатын орындау 100 пайызға жетпеген - 99,1 пайызға немесе 8,8 триллион теңгеге орындалған.

"2015 жылмен салыстырғанда табыс 25 пайызға өсті, бұған не себеп? Сараптамадан табыстың өсуіне ұлттық валютаның девальвациясының рөлі басым болғанын анықап отырмыз", - дейді ол. 

Сенатор бюджет қаражатының игерілмеген айтарлықтай сомасы, біріншіден, шығынды егжей-тегжейлі жоспарлауды, екіншіден, бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерін жауапкершілікпен орындауды талап ететінін көрсеткен. 

Мұнымен қатар, Ершов мемлекеттік сатып алу саласындағы кілтипандарды атап өтіп, бұл салада 2 миллиард теңге шығын болғанын нақтылады.

"Бұл деректер осы салада тәртіптің жоқтығын, нормативтік-құқықтық базаның әлсіз әрі оны әбден пысықтау керек екенін көрсетті. Үкіметтің осы жағдайды түзеу бойынша қабылдап отырған шараларынан әлі күнге жағымды әсер болмады", - деп қорытындылады сенатор ойын.  

Ол мемлекеттік сыңайлы сектордың қызметін бағалаудың бірыңғай шарттары жайында айтты. Айтуынша, бұл шарттар осы саладағы шынайы жағдайды көрсетіп отыр. "Мемлекет мемлекеттік сыңайлы секторға тиімді басқарушы ретінде зор үміт артып отыр, алайда, біздің ойымызша, бұл үміт ақталмай отыр", - дейді Ершов. 

Сенатор осы ескертулерді айта келе үкімет пен Есеп комитетінің жауабын қолдап, 2016 жылғы республикалық бюджетін бекітуді ұсынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети