Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті Дана Жүнісова. © primeminister.kz

Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болған Дана Жүнісова берген арызына байланысты жұмыстан босатылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 2018 жылы 27 сәуірде Дана Жүнісова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда мәселелеріне жетекшілік ететін болған.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2003-2011 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Астана-Финанс" АҚ, "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ жұмыс істеген.

2012-2013 жылдары - "Құлагер ҚК" ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети