Кеше кешкі уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су басқан Глубоковский ауданына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Глубочанка өзеніндегі су алған көпірді қарап, маңындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Қазіргі уақытта Тарханка, Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое ауылдары әлі су астында қалып отыр.
Жағдаймен танысқан Даниал Ахметов өзен арнасын тазарту үшін ауыр экскаватор қоюды тапсырды. Әкім кездесу барысында зардап шеккендерді тыңай келе олардың барлық шығыны өтелетініне сендірді.
"Арнайы комиссия үйлерді бағалайды. Егер үйлеріңізді қалпына келтіру мүмкін болса, қалпына келтіреміз. Қалпына келтірмесе - жаңа үй немесе пәтер береміз. Шығынның бәрін есептейміз, өтейміз", - деп сендірді Ахметов.