Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиіс шешім Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының конференциясында қабылданды. Оның орнына бұл қызметке Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келетіні хабарланды.

Айта кетейік, 2022 жылғы маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік қызметтегі көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, оның өкілеттік мерзімін ұзартқан болатын. Алайда бір жылдан кейін Ахметов қызметінен кетті.

Түрлі уақытта экс-әкім ҚР премьер-министрі және қорғаныс министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болған. Даниал Ахметов 2018 жылғы наурызда Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясын басқарған болатын.

Рыпакова - Лондон-2021 Олимпиадасының чемпионы, 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиаданың күміс және Рио-2016 Олимпиадасының қола жүлдегері. Ольга әлем чемпионатында екі рет – 2015 және 2017 жылдары қола жүлдегер атанды, сонымен қатар, 2011 жылғы әлем чемпионатында күміс алды. Ол жабық кешендегі әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды: 2008 жылы Валенсияда қола, 2010 жылы Дохада алтын және 2012 жылы Ыстамбұлда күміс.

2024 жылғы ақпанда спортшы Ұлттық Олимпиада комитетіндегі атлеттер комиссиясының өкілі, ал қыркүйекте Азия Олимпиада кеңесінің Атқару комитетінің мүшесі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети