Даниал Ахметовке қызметі туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниал Ахметовке қызметі туралы сұрақ қойылды Фото:instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке оның "саяси ұзақ ғұмыры" туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке оның "саяси ұзақ ғұмыры" туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысы қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Елордаға облыс әкімдері де келді. Кулуарда журналистер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке бірнеше сауал қойды. Мысалы, тиімсіз кадрларға қарсы шаралар туралы не ойлайды.

"Менің орынбасарларымның бәрі өте кәсіби. Ержан Нұрбаевтың ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол. Шәкәрім Бұқтұғытов - өндірісте. Экономикалық сұрақтар бойынша көмекшім АҚШ-та оқыған және өте кәсіби. Біз әкімдікке тек жоғары кәсіпқойларды аламыз. Бірақ Президент өте дұрыс нәрселерді айтты, оны тағы талқылаймыз", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, Даниал Ахметовке "облыс әкімі болып жұмыс істеуден шаршаған жоқсыз ба" деген сұрақ қойылды.

"Неге шаршауымыз керек? Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ. Мен де шаршаған жоқпын", - деп жауап берді.

"Саяси ұзақ ғұмырыңызды қалай түсіндіре аласыз" - деп сұрады журналист тағы да. "Оны Мемлекет басшысынан сұраңыз", - деп түйіндеді Ахметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети