Даниял Ахметов Семейде қоғамдық көлікпен жүріп қайтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Altaynews.kz © Altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Семей қаласының қоғамдық көліктерінің жұмысын ерекше жолмен тексерді: № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, бірнеше аялдама жүріп өтті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Семей қаласының қоғамдық көліктерінің жұмысын ерекше жолмен тексерді: № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, бірнеше аялдама жүріп өтті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Баслым мәліметінше, "Темір жол вокзалы" аялдамасында Ахметов автобустарды қарап шықты. Бірінші тоқтаған № 29 бағытында жүретін автобус жолаушыларды тасымалдау жұмысының бар қызығын көрсетті. Қытайлық  автобустың бамперлері бүлінген, ал жүргізушісі тазалық пен ұқыптылығымен мақтана алмады. 

 

Даниял Ахметов № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, барлық жолаушылармен бірге бірнеше аялдама жүріп өтті. Облыс әкімі қоғамдық көліктегі олқылықтарды айтып, тапсырмалар берді. Жұмыс сапары барысында өзінің байқағандарын ол қалалық мәслихаттың депутаттарымен бөлісті. 

"Депутаттардың қайсысы әрдайым қоғамдық көлікпен жүреді? Сол үшінде депутаттарды қоғамдық көлік мәселесі аса қызықтырмайды. Мен бүгін автобуспен жүріп қайттым. Менің не көргенімді білесіздер ме? Біріншіден, автобустардың уақыты белгіленбеген, аялдамаларда олар белгіленбейді, тек соңғы аялдамада есеп береді. Автобустың салоны өте лас, әйнектерін жапқыштар емес, кір жауып тұр. Сонымен қатар, түтін шығатын құбыр жолаушылар отыратын жақтан шығып тұр!", - деп шүйлікті Ахметов.

 

Шығыс өңірінің басшысы халық қалаулыларынан осы мәселені жақын арада шешуді тапсырды. 

"Сіздер тарифті өсіруді сұрайсыздар. Мүмкін оны да істерміз, бірақ ол үшін қызмет көрсету сапасын жоғарылату қажет. Әзірге бағаны өсіруге мен себеп көріп тұрғаным жоқ", - деді ШҚО әкімі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro