Нұр-Сұлтан полициясы Тұңғыш Президент көмекшісі Данияр Ақышев туралы жалған ақпарат таралуына байланысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан полициясы Тұңғыш Президент көмекшісі Данияр Ақышев туралы жалған ақпарат таралуына байланысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура өкілдері 3 шілдеде БАҚ-та Елбасының көмекшісі Ақышев Данияр Талғатұлы туралы жалған ақпарат тарағаны туралы іс қозғалғаны туралы айтты.
"5 шілдеде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату). Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Бас прокуратура өкілдері осыған дейін Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Данияр Ақышевке қатысты қылмыстық құқық бұзушылық фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.
Данияр Ақышев өзі осы жағдайға қатысты басталған қылмыстық тергеу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қажет болған жағдайда тиісті органдарға барып өтініш береді.
Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев 2019 жылғы 9 сәуірде Тұңғыш Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.