“Дәретхана мен ұлдардың бөлмесін тазалатқан“: Түркістанда студенттер жатақханаға шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Дәретхана мен ұлдардың бөлмесін тазалатқан“: Түркістанда студенттер жатақханаға шағымданды Фото: видео кадры

Түркістанда студенттер мен жатақхана қызметкері арасындағы даудың видеосы тарады. Кадрларда қыздар бөлмелерді мәжбүрлеп жинатып жатқанына шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.


Түркістанда студенттер мен жатақхана қызметкері арасындағы даудың видеосы тарады. Кадрларда қыздар бөлмелерді мәжбүрлеп жинатып жатқанына шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Не болған?

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Комендант қыздарға өз бөлмелерінен бөлек, дәретхана мен ұлдардың бөлмесін де тазалатқан көрінеді.

"Күнде "тазала" деп мәжбүрлеп жатқан жоқ қой. Ертең СЭС-тен (Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті - еск.) комиссия келе жатыр. "Осы жатақхананың ашылуына рұқсат, балалар жатуға рұқсат" деген комиссия келе жатыр. Сол үшін істейміз деп жатырмыз", - дейді видеода әйел.

Білім басқармасы не дейді?

Түркістан облысы білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Арнайы комиссия құрылып, тексеру басталған.

"2026 жылы 23-25 ақпан күндері өтетін Облыстық спартакиадаға қатысушыларды жатақханаға орналастыру қажеттілігі туындаған. Осыған орай, тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студенттерге ауызша ұсыныс білдірген. Жатақханада студент жігіттердің уақытша болмауына байланысты, қыздардан бос бөлмелерді тазалауға көмек сұралған. Алайда кейбір студенттің бас тартуына байланысты түсініспеушілік туған. Қазір студенттер және ата-аналарымен түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Білім басқармасы білім алушылардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды. Ішкі тәртіп талаптарын күшейту және осындай жағдайдың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деп жауап берді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети