"Дәріге тәуелділік". Нарколог коронавирустан кейінгі зардапты айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов© Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов©

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының маманы Наргиз Қасымова коронавируспен ауырған кейбір науқастарда дәріге тәуелділік пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының маманы Наргиз Қасымова коронавируспен ауырған кейбір науқастарда дәріге тәуелділік пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирустан кейін қайтадан ауырып қаламын ба деп қорқатын, профилактика ретінде дәрумендерді көп ішетіндер пайда болды. Әрине, кейбір дәрумендерді терапевтер жазып береді. Бірақ, дәрігердің нұсқауынсыз-ақ интернеттен оқып алып ішкендер де аз емес. Олардың басты қорқынышы - адам көп жиналған ортаға барсам ауруды қайта жұқтырып аламын, ауырмай тұрып өзімді күтуім керек деп шектен тыс дәрумендер қабылдайды", - деді дәрігер.

Маманның айтуынша, тәуелділік негізінен транквилизатор, корвалол, валидолға туындаған.

"Ковидтен кейін бұл препараттарды қораптап ішкендер болды. Бірақ бұл препараттар шектен тыс қабылдағанда денсаулыққа әсер етеді.

Сондай-ақ, дәріханаларда сатылатын ұйқысыздыққа қарсы препараттар тәуелділік тудырады және уақыт өте науқастар осы препараттарсыз ұйықтай алмайтын жағдайға жетеді", - деді дәрігер.

"Мүмкін, кейбір препараттарды дәрігерлер тағайындаған шығар. Бірақ дәрігер препараттың дозасын науқастың салмағы бойынша есептейді. Ал дәрігерді тыңдамай дозаны өз қалауынша арттыра бастаса, бұл есірткіге тәуелділер сияқты эйфорияның пайда болуына әкеледі. Осылайша, науқас күн өткен сайын мөлшерін көбейте бастайды. Ал бұл есірткіге және седативтерге тәуелділік деп аталады. Менде мұндай жағдайлар көп болды. Бір жылдың ішінде 20-дан аса адам келді. Мұндай тәуелділікті дамытқан көбіне зейнеткерлер", - деп қосты маман.

Дәрігер препараттарға тәуелділік басталғанда маманға жүгінуге кеңес береді.

"Мұны емдеу керек. Біз емдеу барысында психотерапияны, детоксикация терапиясын, симптоматикалық терапияны қолданамыз. Содан кейін бұл препараттарға тәуелділік қайдан пайда болғанын іздеп, емдеу жолын қарастырамыз", - дейді нарколог Наргиз Қасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro