02 шілде 2021 | 18:09

Дәрігер баладағы семіздік белгілерін қалай анықтау керегін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балада артық салмақ барын қалай анықтауға болады? Сарапшылардың сөзінше, оны бастапқыда анықтау қиын. Дені сау бала томпақ болуы керек деген стереотип қалыптасып кеткен. Бірақ норма қайсы, семіздік қайсы? I-BALAQAI шығарылымында осы және өзге де сұрақтарға гастроэнтеролог дәрігер, эндокринолог Ирина Досманова жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттан үзінді дайындады. 


Иконка комментария блок соц сети

Балада артық салмақ барын қалай анықтауға болады? Сарапшылардың сөзінше, оны бастапқыда анықтау қиын. Дені сау бала томпақ болуы керек деген стереотип қалыптасып кеткен. Бірақ норма қайсы, семіздік қайсы? I-BALAQAI шығарылымында осы және өзге де сұрақтарға гастроэнтеролог дәрігер, эндокринолог Ирина Досманова жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттан үзінді дайындады. 

Семіздіктің төрт деңгейі болады, ал баланың сыртқы келбетіндегі өзгеріс, оның ішінде, тершең болуы, физикалық қозғалыс кезінде ентігіп қалуы, бөкседегі "майлар" екінші және үшінші деңгейде пайда болады. Семіздіктің қалай пайда болғанын анықтап, оның шешімін табуға болады: баланың салмағын түсіру мәселесі мен оған қандай да бір дәрі-дәрмек жазу.   

Үй жағдайында қандай белгілер байқала бастаған кезде маманға жүгіну керек?

  • Бөкседегі "майлардың" пайда болуы;
  • Иық тұсындағы өзгерістер. Баланы алдыңызға тұрғызып, қолымен өзін құшақтауын сұраңыз. Осы жағдайда иық тұсындағы өзгерістер байқалады;
  • Бөксе тұсындағы өзгеріс;
  • Қыздардағы сүт бездері аймағында, жамбаста, қолдарда созылу белгілері;
  • Ұйқының бұзылуы;
  • Тері бөлінгенде жағымсыз иістің шығуы, ұйқы кезінде қатты терлеу; 
  • Ұл балаларда - гинекомастия, яғни сүт бездерінің үлкеюі.

Семіздіктің себептері мен оны емдеу жолы қандай?

"Семіздіктің пайда болуының түрлі себебі бар. Ол қандай да бір эндокриндік бұзылулар, тұқым қуалайтын аурулар болуы мүмкін. Яғни артық салмақты тастар алдында ең алдымен эндокринологқа бару керек", - дейді Ирина Досманова. 

17 жасқа дейін көбіне тамақтану режимін реттеп, физикалық белсенділікті қосу керек. 

Пандемия кезінде ата-аналар мен балалар көбіне қандай шағымдармен келді?

"Көбіне дәреттің бұзылуы, диарея немесе нәжістің сұйық болуына шағымданды. Бірақ ол эндокриндік бұзылудың салдары. Баланың іші қатқанын айтып келген кезде, біз оны тексеріп шығамыз, сосын мәселе қалқанша безінің функциясында екенін анықтаймыз", - дейді маман.  

Екінші мәселе - баланың эмоциялық күйінің бұзылуы, когнитив функциялары бұзылады: 

"Қалқанша безінің гормоны, гипофиза ағзамыздың функциясына әсер етеді: оның дамуы, когнитив функция, яғни бас миының дамуы. Жалпы бас миының процесс кезінде жұмыс істеуі, тек сөйлеу емес, бастапқыда оның дамуы, мысалы үш жасқа дейін, одан кейін де ойлаудың дамуы. Оған да гормондың күй жауап береді", - дейді маман. 

Дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керек?

Эндокринолог дәрумендерді біреу кеңес бергендіктен немесе бір нәрсенің алдын алу үшін ішу дұрыс емес екенін айтады. 

"Дәрумен - жай ғана түрлі-түсті капсула емес. Ол ағзадағы биохимиялық және физиологиялық процеске араласатын химиялық зат. Дәруменді жайдан жай қабылдауға болмайды. Оны тек дәрігердің кеңесінен кейін, тексерістен өткеннен кейін қабылдау керек", - дейді дәрігер. 

Сонымен қатар, маман йодты артығымен қолдануға қатысты ойын айтты. Бұрын қазақстандықтарда туыла сала йод жеткіліксіздігі бар деп есептелген. Ирина Досманова йодты ұзақ және дұрыс емес мөлшерде қолдану қалқанша безінің қалыпты жұмысына кері әсер ететінін айтады.

Маман ата-аналарға қандай кеңес беретінін айтты. 

"Біріншіден, бала өмірге келгенде анасы да, әкесі де оның тәрбиесіне атсалысуы керек. Яғни "Әке-ана-бала" деген кішкентай жәшікте белгілі бір тамақтану әдеті болады. Егер үшеуі бала кішкене өскенде артық тамақ ішпей, бір жерге қыдырғанда көп тамақ ішіп кетпей, қандай да бір физикалық жүктеме болып, әсерлі жағдай болып, қандай да бір эмоция берілген жағдайда денсаулыққа байланысты ешқандай мәселе болмайды. Екіншіден, физикалық белсенділік. Кем дегенде аптасына бір рет қозғалып тұру керек. Эмоциялық күй де болуы керек. Бұл кез келген адамның, ересектің де, баланың да денінің сау болуына кепілдік беретін үш негізгі кит", - деді маман. 

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group және Montessori Qazaqstan Public Fund медиахолдингі. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте"әлеуметтік желісі.

Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI Instagram парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от I-BALAQAI (@ibalaqai)

Материал подкаст түрінде де қолжетімді, оны Anchor.FM, Яндекс.Музыка және Apple, Google-подкаст, сондай-ақ "ВКонтакте" желісінен тыңдай аласыздар.

RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети