Медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог Иван Тарасенко COVID-19-дан кейін галокамераға немесе тұз үңгіріне баруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасай отырып.
Медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог Иван Тарасенко COVID-19-дан кейін галокамераға немесе тұз үңгіріне баруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасай отырып.
Дәрігердің айтуынша, мұндай әдістер иммунитетті көтереді. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясынан кейін тыныс алу жүйесін қалпына келтіреді.
"Құрғақ тұзды ауа немесе аэрозоль тыныс алу жолдарының қызметін жақсартады. Ал натрий хлориді кеңірдектің шырышты қабығының ісінуін едәуір азайтады. Нәтижесінде вирустың тікелей әсері және өкпедегі қабыну салдарын реттейтін қажетсіз нәрселер жойылады. Оған қоса, қан айналымы, өкпедегі оттегі алмасуы жақсарады", - деді Тарасенко.
Оның айтуынша, тұз үңгіріне үнемі бару арқылы бір ай ішінде COVID-19-дан қалпына келуге болады. Әдетте 10-нан 30-ға дейін галотерапия тағайындалады, арасындағы үзіліс екі күннен аспауы керек. Бірақ әсері болуы үшін галотерапияны басқа оңалту әдістерімен біріктіру дұрыс екені айтылды.
Дәрігер науқасқа нақты қанша курс қажет екенін анықтауы керек. Бұл - физиотерапевтпен кеңесуге болатын мамандандырылған орталықтардағы тұзды үңгірлерге барудың себептерінің бірі. Тағы бір себеп - қажет құрал болуы. Үйде тұз бөлшектері концентрациясының жеткілікті мөлшері болмауына байланысты галокамерадағыдай нәтиже көрінбейді.
Маманның айтуынша, кейбір ауруларда галотерапияны қолдануға болмайды.
"Тұзды үңгірлерге бару демікпенің күшеюіне қарсы тұра алады. Күрделі жағдайлар болмаса, галотерапия суық тию мен вирустың алдын алады", - деп қорытындылады Иван Тарасенко.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!