Дәрігер COVID-19 жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер COVID-19 жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатынын айтты Фото: astana.gov.kz

"Астана" медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, инфекционист дәрігер Гаухар Нұрахметова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатынын айтты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, инфекционист дәрігер Гаухар Нұрахметова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатынын айтты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елімізде коронавирустың өршуіне байланысты азаматтарымыздың арасында әртүрлі сауалдар туындап жатыр. Оның ішіндегі ең маңыздысы - коронавирусқа шалдыққандар қандай жағдайда ауруханада ем қабылдай алады? Науқастарды сұрыптауды емхана деңгейіндегі жалпы тәжірибелік дәрігерлер жүргізеді. Медицина қызметкерлері науқастарды ауруханаға жатқызу барысында Қазақстан хаттамасын негізге алады", - дейді Гаухар Нұрахметова Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен брифингте

Дәрігер COVID-19 жұқтырған науқас ауруханаға емдеуге тек аурудың айқын белгілері болған жағдайда жатқызылатынын атап өтті.

"Коронавирусқа арналған ауруханалар заманауи үлгіде жабдықталған. Әр палатада оттегі аппараттармен, ҚР хаттамасына сай барлық дәрі-дәрмекпен толық жабдықталған", - деді ол.

Сондай-ақ, инфекционист дәрігер коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары науқастарға тоқталды.

"Ең алдымен, науқастың жасы 65-тен жоғары болса, ол инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары тобына жатады. Екінші орында - жүрек-қан тамыр аурулары. Адамның қан қысымы жоғары болса, оның қан қысымын 3 сағат сайын өлшеп, көтерілуіне жол бермеуге тырысу керек. Қант диабетімен ауыратын адамдарда қант көлемі көтерілсе, емге көнбеуі мүмкін. Яғни, вирус жұқтырған кезде науқастың созылмалы аурулары қозып, оның жағдайы одан сайын нашарлайды. Сондықтан мұндай науқастарды қатаң бақылау хаттамада көрсетілген", - деп түйіндеді сөзін дәрігер.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 9 068 адам COVID-19 жұқтырды. 6 200 науқас жазылды, 195 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас дертінен айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети