Дәрігер қант диабетіне себеп болатын факторды атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер қант диабетіне себеп болатын факторды атады Фото:depositphotos.com

Қант диабетін күйзелісті бастан өткергеннен кейін бір аптадан соң анықтауға болады. Бұл туралы дәрігер Иван Дедов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қант диабетін күйзелісті бастан өткергеннен кейін бір аптадан соң анықтауға болады. Бұл туралы дәрігер Иван Дедов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күйзеліс иммун жүйесіне әсер етеді, оны бұзады. Мынадай бір мысал болды: төрт жасар бала әжесімен итін далаға шығарған. Бір кезде ит босап кетіп, баланың көзінше оны көлік қағып кеткен. Бір аптадан кейін баладан қант диабеті анықталды", - деді академик.

Иван Дедов бүгінде күйзеліс әртүрлі аурудың пайда болуының негізгі факторларының бірі екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер қант диабетінің белгілерін атады. Үнемі көп су ішкісі келу, әсіресе, түнде шөлдеу, ауыздың құрғауы қант диабетінің белгісі болуы мүмкін.

Маманның сөзінше, жиі шөлдеп, жиі зәр шығарып, оған қоса бас айналып, салмақ жоғалтып, ісініп кетсеңіз, шұғыл түрде дәрігерге көрінген жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети