Дәрігер тұмаудан толық емделмеудің қаупін айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: pixabay Сурет: pixabay

Дәрігер-терапевт, гематолог Диана Ким емделмеген тұмаудың салдары туралы ескертті. Оның айтуынша, тұмау асқынса COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігер-терапевт, гематолог Диана Ким емделмеген тұмаудың салдары туралы ескертті. Оның айтуынша, тұмау асқынса COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Диана Кимнің айтуынша, тұмауды емдеуге өте мұқият қарау керек.

"Тұмау жұқпалы ауыр вирустық ауруға жатады және оның салдары мен асқынулары бар. Бұл эндокардит, миокардит және миокардит түріндегі жүректің зақымдануына әкелуі мүмкін. Тұмаудан дұрыс емделмесе бүйрек те зақымдануы мүмкін, сондықтан аурудан кейін әрқашан зәрдің жалпы анализін тапсыру керек. Өйткені науқас бүйрегі зақымданса да  аурудың ешқандай белгісін сезінбеуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, тұмау тромбоцитопения немесе буындардың зақымдануы секілді аутоиммунды ауруды тудыруы мүмкін.

"Тұмау алуан түрлі болуы мүмкін. Тағы бір, сирек кездесетін асқыну - поствирустық энцефалит (мидың қабынуы)", - деді Ким.

Маман асқынулар әдетте тұмаудан кейін бір ай ішінде пайда болатынын түсіндірді. Көбінесе олар белсенді өмірге мерзімінен бұрын оралудан, яғни аурудан әлсіреген иммундық жүйе әлі күшеймеген уақытта туындайды.

"Емделмеген тұмау кезінде инфекцияның жеңіл қалдық көріністері байқалып, адам жұмысқа шыққанда, асқыну ықтималдығы толық жазылып, кейін жұмысқа шыққан адамға қарағанда жоғары болады", - деді дәрігер.

Ол тұмаудың тыныш ағымымен ауру демалысына кететін уақыт орта есеппен он күннен екі аптаға дейін болатынын түсіндірді. Әрбір жағдайда нақты уақытты дәрігер жеке анықтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro