Дәрігерлер 8-қабаттан құлаған 19 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер 8-қабаттан құлаған 19 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалды

Алматылық дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған жігітті аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған жігітті аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламаға сүйенсек, 19 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген. Пациент шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын, салдарынан бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын және көптеген сүйектері сынғанын анықтаған.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың Ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жансақтау бөлімі қызметкерлері алдымен пациентті жарақат салдарынан болған шоктан арылтып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін екі күннен соң ота жасау туралы шешім қабылдаған.

"Екі кезеңмен бірнеше операция жасалды. Бірінші ота "сынған жамбас сүйегін ашық репозициялау, пластинамен және бұрандалармен бекіту" деп аталады. Науқас есін жиып, жағдайы жақсарған соң екінші ота жасалды. Бұл операция барысында сүйек тіндерін сынған жерден бір-біріне жалғап, металл конструкциялардың көмегімен жалғадық", – дейді Қанат Тәуекелов.

Мамандар жоғары технологиялардың көмегімен жасалған операция аса күрделі манипуляциялар қатарына жататынын, мұндай оталар МӘМС пакеті шеңберінде ғана жасалатынын айтады.

"Біз пациентті емдеу барысында оның өмірін сақтап қалуды басты мақсат етіп қойдық. Сонымен қатар мүгедек болып қалмауы үшін барымызды салдық. Нәтижесінде біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, аяққа тұрғыздық", – дейді Қанат Тәуекелов.

Бір айта кетерлігі, пациент операциядан кейін екінші күні-ақ аяққа тұрған. Орталық қалалық клиникалық ауруханада реабилитациядан өтті. Бүгінде ауруханадан шыққан жас жігіт өз бетінше жүріп-тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети