Дәрігерлер Ақтауда үстіне диван құлап кеткен ер адамның қазіргі жағдайы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Ақтауда үстіне диван құлап кеткен ер адамның қазіргі жағдайы туралы айтты

Ақтауда жоғары қабаттан басына диван түскен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жоғары қабаттан басына диван түскен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық аурухана өкілдері ер адамның қазіргі жағдайын айтты. Дәрігерлердің сөзінше, 39 жастағы ер адам әлі ауруханада жатыр.

"Ер адам сал болып қалды. Жағдайы тұрақты", - дейді облыстық аурухана өкілдері.

Ал полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске қатысты қылмыстық іс жабылмаған. Тергеу әлі жүріп жатыр.

Еске салайық, оқыс оқиға туралы 16 қаңтарда Ақтауда хабарланған еді. Жоғары қабаттан тасталған жиһаз өтіп бара жатқан адамның басына түскен. Ер адамның мойын омыртқасы сынған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де 11-шағынаудандағы 41-үйде болған. Диван 6-қабаттағы пәтерден тасталған. Осылайша, ол 39 жастағы ер адамның басына түскен. Зардап шеккен адам ес-түссіз жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөліміне жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети