Дәрігерлер Астанада терезеден құлаған үш жасар қыздың жағдайын айтып берді

17 Мамыр 2017, 17:05
0
Дәрігерлер Астанада терезеден құлаған үш жасар қыздың жағдайын айтып берді -

Астанадағы балалар ауруханасының бас дәрігері көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен үш жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз қазіргі уақытта №2 қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

"Кешенді тексерістер жүргізілді. Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімінде жасанды комамен жатыр. Бұл баланың организмі травматикалық жағдаймен күресе алуы үшін жасалып жатыр", - деді №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Расулбек Аипов.

"Біздің ойымызша, қыз бұл жарақаттарды терезеден құлаған кезде алды. Бала 3-қабаттан құлап кеткен. Қазір жағдайы тұрақты ауыр", - деді бас дәрігер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада терезеден құлап кеткен баланы ауруханаға апара жатқан отбасының жол апатына ұшырағаны жайлы хабарланған болатын. "КамАЗ көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен келе жатып Жұмабаев көшесімен қиылысар тұста сол жаққа бұрыламын деп Toyota көлігімен соғысқан. Ал ол қарсы бағытта келе жатқан. Салдарынан жүргізуші, яғни әкесі мен кішкентай қыз ауруханаға жеткізілген", - деген еді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай