Өскемен қаласының тұрғыны ота кезінде дәрігерлер ішінде жіпті ұмытып кеткеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскемен қаласының тұрғыны ота кезінде дәрігерлер ішінде жіпті ұмытып кеткеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйелдің айтуынша, отадан соң үш аптадан кейін ғана оның ауруының себебі дәрігерлер ұмытып кеткен іштегі жіп екені анықталған.
Галина Климова ауруханаға қаңтардың аяғында түскен. Дәрігерлер ішекке ота жасапты. Бір аптадан кейін әйелдің жағдайы нашарлаған, отадан кейінгі тігістің орны іріңдеп, жазылмай қойған, іш қуысында сұйықтық жиналып қалған.
"Бұлай немқұрайды қарағанына таңғалдым. Алғашында қалалық ауруханаға (облыстық мамандандырылған медициналық орталық - еск.) барғанымда, маған ота жасаған дәрігер мен олардың науқасы емес екенімді және маған көмектеспейтінін айтты. Айналды да бұрылып кетіп қалды. Одан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүгіндім, олар да маған мән бермеді", - дейді Галина Климова.
Ол үш апта бойы ауырсынып жүрген, тіпті дене қызуы да көтеріліпті. Әйелдің сөзінше, жергілікті Ішкі аудит қызмет дәрігерлері жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Әсіресе, амбулаторияда штаттағы хирург болмаған. Бұл жайтқа әйел емделіп жатқан аурухана өкілдері пікір білдірді.
"Емдеу мекемелері мен стационарлардан шығарылған науқастар алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жіберіледі, онда дәрігері-терапевтке жүгінеді, ал терапевт басқа мамандарға жолдама береді. Бұл жағдайда отадан кейінгі асқынумен қатар пайда болатын патологияларға байланысты туындаған. Науқасқа толық көлемде емдеу шаралары ұсынылды", - деді облыстық мамандандырылған медициналық орталық бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Мұқажанов.
Өскемен қаласының тұрғыны жергілікті БАҚ-қа жүгінуге тура келгенін айтады. Галинаның сөзінше, осыдан кейін ғана оған тағы да ота жасалған.
"Дәрігерлер қайта ота жасады. Олар іш қуысынан операциялық жіп тапты", - деді Галина Климова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!