24 мамыр 2022 | 14:52

Дәрігерлер босатылды - прокурорлар Күдебаев ұлының өлімі туралы

Нұрсұлтан Күдебаев (сол жағында), сондай-ақ Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаев (оң жағында)

Алматы және Алматы облысы полиция департаменттерінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы және Алматы облысы полиция департаменттерінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы тілшіміздің сұрауына жауапта дәрігерлер Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаев биыл сәуірдің ортасында күдіктілер қатарынан шығарылғаны хабарланды. Алайда Күдебаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ.

"15 сәуірде Алматы прокуратурасы Тезекбаев пен Тұңғышбаевқа қатысты қылмыстық қудалау олардың әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл ретте соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс Алматы Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы өзге ақпаратты жариялауға болмайды", - делінген Алматы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Рақышевтің қолы қойылған жауапта.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Нұрсұлтан Күдебаев 2019 жылдың тамызында Германияда қайтыс болды. Осыдан бір ай бұрын ол Алматы облысында квадроциклмен келе жатып жол апатына ұшыраған болатын. Ер адам бірнеше күннен кейін Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгінеді.

Дәрігер қарағаннан кейін ол басқа медициналық мекемеге - №4 қалалық ауруханаға ауыстырылды, онда бас дәрігер Қанат Тезекбаев еді. Мұнда Күдебаевқа екі ота жасалды, содан кейін реанимацияға ауыстырылды: ол ес-түссіз, кома жағдайында, жасанды тыныс алдыру аппаратында жатты. Операциядан 21 күн өткен соң, Германияның клиникасына жеткізілді, онда біраз уақыттан кейін науқастың қайтыс болғаны анықталды.

Осыдан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды, ал №4 қалалық аурухананың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев пен медициналық мекеменің бас дәрігері Қанат Тезекбаев күдікке ілінді. Біріншісі 2 қыркүйекте, екіншісі 22 қыркүйекте қамауға алынды. Оларға "кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырды" деген айып тағылды.

Қанат Тезекбаев қамауға алынғаннан кейін әріптестері дәрігерге жақтасты, ал жары Дина Тезекбаева Қазақстан Президентіне үндеу жасады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтан жұбайының ісін жеке бақылауына алуды өтінді. Осы уақытта Мемлекет басшысы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында еді. Тоқаев дәрігерлердің үндеуіне жауап беріп, заңға сәйкес істі қарауды, ал Президент әкімшілігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне және Алматы әкіміне бұл істі бақылауда ұстауды тапсырды.

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс: бас дәрігер Тезекбаев алғаш рет сұхбат берді

Осыдан кейін Тезекбаев пен Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

2020 жылдың ақпанында Тезекбаевтың адвокаты тергеу созылып кеткеніне шағымданды. Кейінірек көктемде тергеуші неміс дәрігерлерінен материал сұратқаны белгілі болды. Алайда клиникадан жауап болмады, сондықтан соталды тергеу тоқтатылды. Сол жылдың желтоқсанында тергеушілер құқықтық көмекті бір жылға жуық күтіп жүргені туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная