03 маусым 2020 15:18

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс: бас дәрігер Тезекбаев алғаш рет сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев 9 айдан бері ешқандай байланысқа шықпаған болатын. Ол қалалық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне кінәлі деп айыпталған болатын. Бірақ қазір бұл іс тоқтатылды, дегенмен дәрігердің айыптаулар алып тасталмады. Қанат Тезекбаев осы жағдай туралы Astanatv.kz телеарнасына сұхбат беріпті.


Алматы қалалық №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев 9 айдан бері ешқандай байланысқа шықпаған болатын. Ол қалалық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне кінәлі деп айыпталған болатын. Бірақ қазір бұл іс тоқтатылды, дегенмен дәрігердің айыптаулар алып тасталмады. Қанат Тезекбаев осы жағдай туралы Astanatv.kz телеарнасына сұхбат беріпті.

Белгілі дәрігер қазіргі уақытта жастарды оқытып жатыр екен. Ол Қазақ ұлттық медицина университетінің травмотология және ортопедия кафедрасында тәжірибесін бөлісіп, емтихан қабылдап жатқанын айтады. Денгенмен, оның айтуынша, бұрынғы жұмысын сағынып жүр.

 
"Әрине, жұмысымды сағындым. Түсіме тіпті ота жасап жатқаным кіреді. Науқастар хабарласып жатыр, бүгін көп адам хабарласты. Bek Air әуе апаты болған кезде де мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына хабарласып, жұмысқа шығуға бола ма, жоқ па сұрадым. Себебі сол күні маған таңғы 7.30-да дәрігерлер хабарласа бастады", - дейді Тезекбаев.

Алайда сол күні хирург ауруханаға бармапты, әріптестеріне тек телефон арқылы көмектесіпті. Себебі тергеу уақытында дәрігер №4 ауруханадағы жұмысынан шеттетілген болатын.

Бірақ Тезекбаев сұхбатында тергеу туралы ешқандай мәлімет берді.

"Әрине, түсінемін, қайғылы жағдай, өте ауыр. Бірақ біздің барлығы жақсы болсын дедік, жаман жағдай болмасын дедік. Барлығы дұрыс болады деп сенемін, анестезиолог әріптесім де ақталып шығады деп сенемін", - дейді хирург.

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс: тергеу тоқтатылды

Еске салайық, Алматы қаласы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы 2019 жылдың тамыз айында қайтыс болған еді. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған болатын. Артында үш баласы қалды. Артынша осы іске қатысты № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігерлер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. 

Тезекбаевтың жары кейін Президентке ашық хат жолдаған болатын. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді. Былтыр 25 қыркүйекте бас дәрігер Қанат Тезекбаевтың қолхатпен босатылғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети