1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс: тергеушілер құқықтық көмекті әлі ала алмай келеді 09 желтоқсан 2020, 14:54

Алматы прокуратурасы қалалық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс қалай тергеліп жатқанын айтты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Сурет: Нұрсұлтан Күдебаевтың ВК-сынан Сурет: Нұрсұлтан Күдебаевтың ВК-сынан

Алматы прокуратурасы қалалық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс қалай тергеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, прокуратура бір жылға жуық уақыт бойы Нұрсұлтан Күдайбаевтың өлімін тергеуге қатысты құқықтық көмекті ала алмай келеді.

"Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс 2019 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін 45-баптың 7-бөлігі 5-тармағы бойынша яғни құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттерді орындауды тоқтатқанын хабарлаймыз", - делінген ведомствоның Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері соңғы шешім қабылданғанға дейін жарияланбайды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы басшысының 29 жастағы ұлы Нұрсұлтан Күдебаев 2019 жылы тамыздың соңында қайтыс болғаны хабарланған. Ол 3 баланы тәрбиелеп отырған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы бұл іске қатысты тергеу тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы басшысының ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне күдікті деп дәрігер Қанат Тезекбаев танылған. Ол қалалық №4 аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған. Тезекбаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, сұхбат та берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!