14 тамыз 2021 11:38

Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған әйелдердің жүктілігін тоқтатуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жүкті әйелдер коронавирусты жиі жұқтырып жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Аналардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер төтенше шараларға баруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Пандемия басталғалы аймақта COVID-19 жұқтырған 517 жүкті әйел тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, науқастар ауруды ауыр өткеріп жатыр. Содан дәрігерлер жүктілікті тоқтатуға мәжбүр. Салдарынан нәрестелер көбіне мерзімінен бұрын кеміс болып дүниеге келеді. Кесарев тілігі арқылы босанған 15 әйелдің 12-сінің баласы шала туған. Олардың төртеуі қазір жансақтауда. Салмағы 700 грамм болған бір сәби қайтыс болды. Дәрігерлер болашақ аналарды қорғауға шақырады, ол үшін вакцинация қажет.

"Бұл халықтың вакцина ала алмайтын және коронавирус инфекциясынан қорғансыз санаты. Олардың коронавирустан қорғалуы қоғамның санасына байланысты. Біз жүкті әйелдер мен балаларды инфекциясыз қолайлы орта құру арқылы ғана қорғап, оларға қауіпсіз орта жасай аламыз", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети