22 қыркүйек 2015 | 10:23

Дәрігерлер Қарағандыда клизмадан зардап шеккен сәбилердің жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қарағандыда сутек тотығымен клизма жасалған сәбилер қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда сутек тотығымен клизма жасалған сәбилер қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәбилердің жағдайы қанағаттанарлық. Олар өткен аптаның аяғында үйлеріне шығарылды. Шамамен келесі аптада оларға колоноскопия жасалады. Нәтижелерінің қандай болатынын әзірше айта алмаймын. Ол клизманың балалар денсаулығына қалай әсер ететіні де белгісіз. Бірақ қазір олар өздерін жақсы сезінеді", - деп түсіндірді облыстық балалар аурухананың бас дәрігері Арғын Бидайбаев.

Еске сала кетейік, оқиға 14 қыркүйекте болды. Балалар емханаға тексеруге барған. Оларға ішектерді тазалау тағайындалды. Клизманы жасаған мейірбикелер ерітінділерді шатастырып, қажетті сұйықтықтың орнына алты пайыздық сутек тотығын қолданыпты. Салдарынан екі сәби зардап шекті - екі жасар ұл бала мен бес жасар қыз бала. Оқиғадан кейін олар жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Аурухана мейірбикесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, сәбилердің ата-аналары олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын қалап отыр. "Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне "Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндетін тиісінше атқармауы" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның жүргізілу барысын өзіміз бақылаймыз", - деді прокуратурадағылар.

Айта кетейік, қателескен мейірбикелер жұмыстан қуылды. Сонымен қатар, бөлімнің бас мейірбикесі мен бөлім меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети