Дәрігерлер қазақстандық әйелдің ағзасынан үлкен тас алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер қазақстандық әйелдің ағзасынан үлкен тас алды видео кадры

Петропавлда көпсалалы қалалық аурухананың хирургтері науқастың өт қабынан көлемі тауық жұмыртқасындай болатын тасты алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда көпсалалы қалалық аурухананың хирургтері науқастың өт қабынан көлемі тауық жұмыртқасындай болатын тасты алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медициналық мекеменің баспасөз қызметі мәліметінше, жедел медициналық көмек көрсететін көпсалалы қалалық ауруханаға іші қатты ауырған 58 жастағы әйел түскен.

"Науқас қатты ауырсынудан бөлек, жүрек айну, ауызда ащы дәм сезу және жалпы әлсіздікке шағымданды. Бұл белгілер майлы және қуырылған тағам жегеннен кейін пайда болып, тәулік бойы басылмаған. Тексеру барысында дәрігерлер оған өт ауруы диагнозын қойып, шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Операцияны хирургтер Алексей Дрюпин мен Жамшид Умурзаков, сондай-ақ анестезиолог Альбина Абышева сәтті жүргізді. Шамамен бір жарым сағатқа созылған ота барысында науқастың өт қабынан бірнеше тас алынған, олардың ішінде ең ірісі тауық жұмыртқасындай болады.

"Қауіпті асқынулардың алды алынды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып келеді", – деп мәлімдеді медицина қызметкерлері.

Дәрігерлер өт қабындағы тастар ұзақ уақыт ешқандай белгі бермеуі мүмкін екенін, алайда кез келген сәтте өткір холециститке (өт қабының қабынуы), өт жолдарының бітелуіне, сарғаюға, холангитке, панкреатитке немесе тіпті өт қабының тесілуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Медицина мамандары егер адамның оң жақ қабырғасының астында ауырсыну, ауызда ащы дәм сезіну, жүрек айну секілді белгілері болса, уақыт оздырмай дәрігерге қаралу керектігін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети