08 мамыр 2020 10:14

Дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған науқас туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Павлодар облысында қайтыс болған науқас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Дәрігерлер Павлодар облысында қайтыс болған науқас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысының 57 жастағы тұрғынынан COVID-19 23 сәуірде анықталған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылған. Оның жіті бронхит диагнозы болған.

Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланған. Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрған. 26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылған.

"Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өтті. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды. 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды. Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді", - дейді дәрігерлер.

6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталған.

Еске салайық, елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 31-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети