Күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген Нұр-Сұлтан тұрғыны әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген Нұр-Сұлтан тұрғыны әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Науқас тоғыз күн бойы жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр,болжам жасау күмәнді. Жағдайы жақсарып жатқан жоқ. Бірдеме айтуға әлі ерте. Ол ауруханаға өте ауыр халде түсті. Қазір ол шоктан шықты, бірақ ес-түсін білмейді. Интенсивті терапиядан өтіп жатыр", - деді НИИТО дәрігері Ербол Төлегенұлы.
Оның айтуынша, адам денесін 45 пайыз күйік шалғанның өзінде аман қалу екіталай. Ал бұл науқастың денесі 75 пайызға күйіп қалған, бірақ өмірі үшін күресіп жатыр.
"Зонд арқылы демалып жатыр, өкпе желдетілуі жасанды жолмен істеп тұр. Әрдайым есірткі анальгетиктерімен ауырғанды басып жатыр. Ешкіммен көрісуге рұқсат жоқ. Ол изоляторда жатыр. Туыстары келіп сұрап жатыр, біз түсіндіріп, қайтарып жатырмыз", - дейді дәрігер.
Айта кетейік, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған. Әйел ауруханаға жеткізілді.