Елордалық инфекционист дәрігерлер санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық инфекционист дәрігерлер санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендер санының көбейгенін ескере отырып, медицина қызметкерлері тұрғындарды карантин режимін сақтап, алдын алу шараларын ұмытпауға шақырды.
"Күзде ауырғандар саны аз болды. Азаматтардың көбісі вирус жойылды деп ойлап жүр. Инфекция жайлаған уақытта күн-түн демей жұмыс істедік. Коронавирус инфекциясының өршуіне және таралуына жол бермеу керек. Кейбір тұрғындар қаланы бетпердесіз аралап, санитарлық нормаларды елемей жүргенде, біз мұнда күн сайын адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін күресеміз", - деді қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігері.
Коронавирус жұқтырып стационарда емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова да аурухана төсегіне таңылам деп ойламаған.
"Бұл қорқыныш вирустың елімізге келгеніне бір жылға жуық уақыт болып қалды. Осы уақытта мен денсаулығыма алаңдамай, вирус жоқ деп жүрген едім. Бірақ, жағдайым нашарлап, ауырсыну басталғанда медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Сөйтіп коронавирус жұқтырғанымды анықтады. Шынымды айтсам, бастапқыда коронавирус жұқтырып ауыруым мүмкін деп ойлаған емеспін. Қазір мен денсаулығымның маңызды екенін түсінемін", - деп атап өтті науқас Әйгерім Өміржанова.
Әкімдік қалада бірқатар карантин шектеу шараларының сақталуы керегін ескертті. Қала тұрғындары бетперде режимін, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, қолдарын антисептикпен жиі өңдеп жүруі қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!