"Дәрігерлер обаға қарсы костюмдерді өзі тігеді" - Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дәрігерлер обаға қарсы костюмдерді өзі тігеді" - Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаға қатысты пікір білдірді

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлері обаға қарсы костюмдерді бір рет пайдаланылатын жаймадан тігуге мәжбүр деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Алматы қаласының жедел жәрдем бригадасы барлық құралмен-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бүгінде станцияларда 400-ден аса обадан қорғайтын костюм бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасының әр көлігінде санитарлық-эпидемиологиялық норма бойынша тазарту жұмыстары жүргізілетіні айтылады.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. "Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді", - делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети