Алматыда дәрігерлер оқушылар сөмкесінің салмағын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында айтылды.
Алматыда дәрігерлер оқушылар сөмкесінің салмағын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында айтылды.
Бұл зерттеумен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің дәрігерлері санитар-эпидемилогтермен бірге айналысып жатыр. Олар оқушылардың оқу құралдары салынған және бос сөмкелерінің салмағын тексереді. Зерттеу №140 мектеп-гимназияда және №2 орта мектепте жүргізіліп жатыр. Оқушылардың медициналық құжаттамасы да зерттеліп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылар сөмкесі салмағын азайту жөніндегі кеңестер мен іс-шараларды ұйымдастыруға негіз болмақ.
Білім және ғылым министрлігі мамандарының мәліметінше, нормативтерге сәйкес, 1-4 сынып оқушылары үшін бір оқулықтың салмағы 300 грамнан, 5-6 сынып оқушылары үшін 400 грамнан, 7-9 сыныптықтар үшін 500 грамнан, ал 10-11 сынып оқушылары үшін бір оқулықтың салмағы 600 грамнан аспауы тиіс. Оқулықтар мен оқу құралдарының жиынтық салмағы 1-3 сынып оқушылары үшін 1,5-2 келіден, 4-5 сынып оқушылары үшін 2-2,5 келіден, 6-7 сынып оқушылары үшін 3-3,5 келіден, 8-9 сынып оқушылары үшін 4-4,5 келіден аспауы керек.
Мамандардың айтуынша, оқушылар сөмкесінің салмағы оқулық материалдарын азайту, екіге бөлу, жұмсақ мұқаба және оқулықтың электронды нұсқасын жасау есебінен азайтылмақ. "Келешекте білім мазмұнын цифрлық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте электронды оқулықтар, колледждерде виртуалды тренажерлер, ЖОО-ларда электронды ғылыми-зерттеу орындары жетекші мәнге ие болады. Электронды білім берудің жаңа жүйесіне көшу дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйеден бас тартылады деген сөз емес. Компьютерлік бағдарлама мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге көмектеседі", - дейді Білім және ғылым министрлігінің мамандары.