14 маусым 2020 | 17:45

Дәрігерлер Павлодар облысында COVID-19-дан көз жұмғандар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Павлодар облысында COVID-19-дан қайтыс болған адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Павлодар облысында COVID-19-дан қайтыс болған адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пандемия басталғаннан бері Павлодар облысында коронавирустан 11 науқас көз жұмды. Соңғы күндері өлім жағдайлары жиілеп кетті. Тек 8-12 маусым аралығында COVID-19 жұқтырған төрт адам қайтыс болды.

"Қайтыс болғандардың орташа жасы 67, ең ересегі - 84 жаста болған. Барлық пациенттің, өкінішке қарай, иммунитеті әлсіз және қосалқы аурулары болған. Анамнездегі барлық науқастарда созылмалы аурулар болды. Адамдардың жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, қатерлі аурулары, қант диабеті, артық салмақ, созылмалы бүйрек, өкпе аурулары болған. Соңғы қайтыс болған ер адамдардың бірі туберкулезбен ауырған", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы. 

Коронавирустан өңірде жалпы 7 әйел қайтыс болды. Бір пациенттің өмірі үшін дәрігерлер 48 күн күрескен, оның ішінде 26 күн жасанды тыныс алдыру аппаратында жатты.

"Әрбір өлімді арнайы комиссия облыстық, сондай-ақ республикалық деңгейде қарастырады. Қайтыс болған науқастардың көбі байланыста болғандар қатарынан. Біреулер вирусты туыстарынан, таныстарынан жұқтырған. Өкінішке қарай, халық адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде маска тақпайды, қонаққа барады. Көбі санитар дәрігердің нұсқауларын орындамайды", - деп атап өтті аймақтың ДСБ баспасөз қызметі.

Бүгінде Павлодар облысында 392 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 46-сы симптомсыз. "Қазір стационарларда 131 науқас бар, оның ішінде 8 бала. 12 адамның жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр, оның ішінде үшеуінің жағдайы өте ауыр. Төрт науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, қалғандары қосымша оттегімен дем алады", - деп хабарлады Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, 63 науқастың, оның ішінде үш баланың жағдайы орташа ауыр екені хабарланды. 56 науқас, оның ішінде бес баланың жағдайы қанағаттанарлық. 186 адам сауықты. Пандемия басталғаннан бері 694 байланыста болған медицина қызметкерінің 16-сы коронавирус жұқтырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети