Семейде құрдастарынан қорлық көрген кәмелетке толмаған баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол мамандардың бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пациент 2013 жылы туған ұл бала, 2025 жылғы 23 ақпанда УГ НАО МУС қабылдау бөлімінде тексерілді. Балаға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қажетті тексерулер жүргізілді.
"Диагноз: жабық бас-ми жарақаты (ЖБМЖ). Бастың шашты бөлігінде, шүйде аймағында гематома. Төменгі аяқ-қолдарда көптеген теріасты гематомалары. Бала жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді", - делінген хабарламада.
Қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілді.
"Тексеру қорытындылары бойынша өміріне қауіп төндіретін себептер анықталған жоқ. Пациент тіркелген емдеу орны бойынша толық медициналық және психологиялық көмек алды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің – педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында".
Еске салайық, Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен баламен психолог жұмыс істеп жатыр. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!