Дәрігерлер Шымкенттегі ПД баспасөз хатшысының жағдайын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Шымкенттегі ПД баспасөз хатшысының жағдайын айтты Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva

Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, Бекеева өзіне қол жұмсау үшін көп мөлшерде дәрі ішкен. Алайда бұл дәрігерлердің алдын ала болжамы ғана. Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы ауруханаға 6 сәуірге қараған түні түскен.

"Науқас түнгі сағат 1.30-да жедел жәрдем көлігімен Шымкент қаласындағы Гипербарикалық оттегі терапиясы орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оны дереу тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, бірінші дәрежелі комада болды. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр", - деді дәрігерлер.

Бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети