Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  портал сұрауына жауапта айтты.

Мамандар 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығындағы ТКҚСҚБД шығындарын тексерген.

"Дағдарысқа қарсы іс-шараларға тартылған жалпы сомасы 55,6 миллион теңгеге заңнама нормаларын бұза отырып, мекеме қызметкерлерін ынталандыру үстемелерін есептеу мен төлеу кезінде бюджет қаражатын пайдалану деректері анықталды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Аудит нәтижелері бойынша, департаментке анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді. Оған жол берген адамдар да жауапқа тартылуы керек.

Еске салайық, 2020 жылдың сәуірінен бастап Алматы ТКҚСҚБД-ны Жандарбек Бекшин басқарады. 

Оған дейін басшы қызметін Айзат Молдағасымова атқарған. Ол сыйақыға байланысты жанжалдан кейін өз еркімен жұмыстан кеткен болатын. Сол кезде Желіде оның өзіне ең көп сыйақы жазып алғаны туралы ақпарат пайда болған. Кейін Айзат Молдағасымова бұл қауесетті жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети