20 қыркүйек 2022 | 15:04

Дәрігерлік қателік пен салғырттықтың айырмашылығы неде? ДСМ түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық оқиғаны дәрігер салғырттығынан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық оқиғаны дәрігер салғырттығынан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистерге бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Дәулет Алдынгуров айтып берді.

"Салғырттық тек денсаулық сақтау саласында ғана болмайтынын түсіну керек. Бұл жерде оны ажырату өте қиын. Қылмыстық кодексте бөлек 317-бабы "Медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бар. Түсіндіру үшін халықаралық тәжірибені зерделей отырып, көптеген дамыған елде кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі нақ осы "пиғылдың болуы" қағидатымен құрылғанын түсіндік. Егер медицина қызметкері қасақана пиғылы арқылы дәрігерлік қателік жіберсе, бұл жазаланады", - деді Алдынгуров.

Медициналық оқиға салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға сақтандыру өтемақысы төленетін заң жобасы туралы айта келе, Алдынгуров сақтандыру жүйесі медицина қызметкерінің жауапкершілігін жеңілдетпейтінін атап өтті.

"Медицина қызметкері өз жұмысын адал атқара отырып, қиын диагностикалық манипуляциялар кезінде қателесуі мүмкін, қиын емдеу, ағзаның жеке ерекшеліктері немесе аурудың қандай да бір ағымын болжау мүмкін болмаған жағдайларды сақтандыру ұсынылады. Немесе медицина қызметкері бұрын кездестірмеген өте сирек кездесетін ауру болса. Мүмкін бір қате жасалуы мүмкін. Мұндай жауапкершілік сақтандырылуы керек. Бірақ маманның пиғылына келгенде, Қылмыстық кодекс күшіне еніп, салғырттығы үшін тек медицина қызметкері ғана емес, кез келген маман жазаға тартылады", - деп түсіндірді ол.

Алдынгуров дәрігердің қылмыстық ниеті болғанын құқық қорғау органдары арқылы дәлелдеуге болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, жәбірленуші берген өтініш бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізеді.

"Медицина қызметкері қандай-да бір айла-шарғы жасаған кезде немесе егер ол стандарттардан ауытқыса, науқасты медициналық көмексіз қалдырса зиян қасақана жасалады", - деді ол.

Басқарма басшысы жәбірленушінің немесе оның туыстарының арызы бойынша сараптамалық қорытынды жасалып, сараптамалар тағайындалатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети