Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болды. Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болды. Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Президент Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети