Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров ресми түрде сенатор болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Сенат депутаты болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Сенат депутаты болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттен сайланған депутаттар куәлік пен сенаторлардың төс белгісін алды. 

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы 8 қазанда Шымкенттен Сенаттың екі депутатын тіркеді. Осы күннен бастап олардың өкілеттік мерзімі күшіне енеді.

2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Дархан Сатыбалды сайланды, ол 1974 жылы дүниеге келген.


© otyrar.kz

Ол бұған дейін уақытша жұмыс істемеген, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының құрамында болған. Дереккөздерге қарағанда, ол 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болған, 2011 жылы премьер-министрдің Кеңсесінде әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Шымкенттің бұрынғы әкімі және ОҚО әкімінің бұрынғы орынбасары ретінде танымал.

2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Нұрлан Бекназаров сайланды, ол 1964 жылы туған.


© otyrar.kz

Бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болған, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Нұрлан Бекназаров кей жылдары "Санур" компаниясының вице-президенті және "ТрансОйл" ұйымы басшысының орынбасары болған.

Сайлау Шымкентте 5 қазанда өтті. Сайлауға 6 үміткер түсті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауды өтті деп таныды. Сайлауға 9 үміткер ұсынылып, сегізі тіркелді. Екі үміткер өз еріктерімен үміткерліктен бас тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer