Дархан Сатыбалды мерзімнің сақталмауы мен жұмыстың сапасыз орындалғаны үшін мердігерлерді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Сатыбалды мерзімнің сақталмауы мен жұмыстың сапасыз орындалғаны үшін мердігерлерді сынға алды Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен өткен кеңесте қаланың жобаларға немқұрайлы қарауға жол берілмейтінін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен өткен кеңесте қаланың жобаларға немқұрайлы қарауға жол берілмейтінін айтты.

Әкімнің айтуынша, миллиардтаған қаржы алған мердігер ұйымдар уәде етілген мерзімде ісін аяқтамай, сапасыз жұмыс істеп, қала келбетіне нұқсан келтіріп отыр.

"Бірнеше ондаған техника мен жұмысшы жұмылдырылады деп жоспарланған нысандарда бар болғаны бір-екі көлік пен санаулы адам жүр. Ал тұрғындар опырылып кеткен жолға, шаң мен топыраққа, қазылғаннан кейін қайта қалпына келтірілмеген аумақтарға шағымданып жатыр. Бұл жұмыс емес, бұл жауапсыздық", – деді әкім.

Мердігерлердің салғырттығы салдарынан жобалар ұзаққа созылып, кейде қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтап қалады. Құрылыс барысында технологиялық талаптардың сақталмауы мен қазылған жолдың қайта қалпына келтірілмеуі де қала басшысының сынына ұшырады.

Әкімнің айтуынша, небәрі бірнеше мердігер ұйымға ғана 38 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгендіктен, мұндай ауқымды инвестиция кезінде қала билігі нәтижені талап етуге толық құқылы.

"Жағдайды сыртқы себептерге сілтеп, кінәні басқаға артуға болмайды. Жұмысты сапалы да уақытылы орындасын, әйтпесе Алматы жобаларынан оларды шеттетеміз. Салғырттыққа жол бергендерді лицензиясынан айырып, жауапқа тартамыз", – деді Дархан Сатыбалды.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети