25 тамыз 2017 | 09:41

Дәріханаларда химиялық кастрацияның күшін жоятын препараттар сатылып жатыр - телеарна

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келер жылдан бастап педофилдер ципретерон препаратымен піштірілетін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің маманы айтты. Алайда, уролог-андролог мамандар бұл дәрінің күшін жоятын бірнеше препарат бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Келер жылдан бастап педофилдер ципретерон препаратымен піштірілетін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің маманы айтты. Алайда, уролог-андролог мамандар бұл дәрінің күшін жоятын бірнеше препарат бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Педофилдерді "Ципретерон" препараты арқылы химиялық кастрация жасау туралы министрліктің шешімі бар. Дәрі "Самұрық-Қазына-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы әкеледі. Мамандар оның бағасы мен бюджеттен бөлінер қаржы көлемі де әзірше белгісіз дейді. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, препарат адам ағзасындағы нәпсіні қоздыратын гармонды төмендетеді. Ол түрмеде отырғандар мен есепте тұрғандарға ай сайын егілетін болады.

"Кастарцияға ципретерон препаратын пайдаланатын боламыз. Бұл препарат антиандрогенді. Қандағы тестестеронды төментетеді. Егер нарыққа басқа да заңды препараттар шығып жатса, оларды да қолданатын боламыз", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығының бас директоры Николай Нигай. 

Алайда, "Ципретерон" препаратының күшін жоятын "Омнадрен", "Небидо" деген перепараттар бар екені белгілі болды. Бұл туралы уролог-андролог дәрігер Елена Поборнова айтты. Ол сексуалды белсенділікті қалпына келтірмек түгілі, арттырып жібереді. "Ципретеронның" күшін қарапайым спирт де жоя алатын көрінеді. Сондықтан маман мәселеге жан-жақты қарамаса болмайды дейді. Оған қоса дәрігерлерде педофилдердің тізімі жоқ. Сондықтан оларға бұл препаратты кез келген дәрігер тағайындауы мүмкін екенін айтады.

"Сіздер маған осы сұрақты қойған кезде, иә, егер кастрацияның күшін жоятын препараттар болса, онда бұл кастрация не үшін қажет, деген сұрақ менде туындап тұр. Егер ол қамау кезінде жасалып тұрса жақсы, әрине. Ал бірақ оны босатқанда, ол сол кастрацияның күшін жоятын препаратты кез-келген дәріханадан сатып алып, қалыпқа келе алады ғой. Сондықтан мен тек дәрігердің рецептісі бойынша дәріханалар қатаң босатса екен деймін. Ал Ресейде бұл қатаң түрде қолданылады", - дейді уролог-андролог Елена Подробнова.

Тілшілер осыдан кейін "Омнадрен" препараты педофилдерге қаншалықты қолжетімді екенін тексеру үшін дәріханалардың біріне кіріп көрді. Қағазға препараттың атын жазып, дәрігердің тағайындауы деп көрсеткен тілшіге мөрдің жоқтығына қарамастан, сатпақ болды. "Демек, бұл препаратты кез келген педофил сатып ала алады деген сөз", - дейді тілші. 

"Ципретеронның" күшін жоятын препарат ғаламторда да еркін саудада екен. Саудасы жүргенін қалайтын сатушы дәрігер нұсқамасын сұрамайтыны анық.

Бас прокуратураның статистика комитетінің берген ақпарынша, 1991 жылдан бері балаларды зорлаудың 2 207 факті тіркелеген. Олардың ішінде 1219 жазаларын өтеп жатқандар, ал 988 бостандықта жүр. Ал биылғы жылдың өзінде 106 дерек тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау фактісі үнемі орын алатын - Оңтүстік Қазақстан облысы. Солтүстікте мұндай қауіп аз.

"Олардың әлемеуметтік портреттерін айтсақ, 18 жасқа дейінгілер, көбінесе 35-45 жастағы ер адамдар осындай әрекетке барады. Олардың ішінде психикалық ауытқулары бар қылмыскерлер бар. Негізінде туыстық қатынасы жоқтар осындай қылмысқа барады. Өгей әкелер, ата-ананың қарауынан тыс қалған балаларға олар үйір болады", - дейді ҚР Бас прокуратурасы статистика комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Хамитов.

"Олардың барлығы қазір жазаларын өтеп жатыр. Оларға орташа алғанда 16 жылдан аса жаза тағайындалады", - дейді Астана қалалық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Сандуғаш Ырысбаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети