Сенат депутаты Дариға Назарбаева бұқаралық ақпарат құралдарында негатив контент мөлшері туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат депутаты Дариға Назарбаева бұқаралық ақпарат құралдарында негатив контент мөлшері туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өзім БАҚ цехінде өстім, сол үшін де мен үшін бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары жазып жүрген жағымсыз дүниелер - өлтіру, суға түншықтыру, зорлау және тағы басқалары - бұл рейтинг жинау мақсатында істелетін шара. Екінші жағынан, бұл ақпарат аудиторияны толғандырады. Мұнда шексіз шеңбер болады. Яғни, біз жақсы әңгімелерді жазғымыз келеді, бірақ біз тек негатив көрсететін редакцияның рейтингі жоғары екенін көреміз. Ал біз позитивке назар аударғымыз келіп, жарқын болашақ пен бейбітшілікке жету үшін жақсылық жасағымыз келеді, бірақ бізде рейтинг құлдырайды", - деді Дариға Назарбаева Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Депутаттың ойынша, БАҚ өкілдері өз аудиториясымен жұмыс істеуі қажет.
"Халықтың қалауы бойынша трендтерді сәл өзгерту, бұл үлкен жұмыс болуы керек. Бәрібір де адамдар оқыс жағдайларды, не болып жатқанын білгісі келіп тұрады, өсек жинағанды жақсы көреді және осы қауесеттер аясында болып жатқан құбылысты ұнатады. Өкінішке қарай, мұны істеу өте қиын. Бұл жерде мемлекеттік органдар мен БАҚ тепе-теңдікті іздеуі тиіс", - дейді сенатор.
Дариға Назарбаева елдегі және одан тыс жерлердегі барлық жаңалықты қарап отыратынын айтады. "Оның ішінде жағымсыз ақпаратты оқисыз ба?"- деп нақтылады журналистер депутаттан.
"Әрине, оқимын, қалай оқымайын? Біз оған әрекет етуіміз қажет емес пе? Пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясын бақылаймын. Әділетсіздік көрсек, араша түсеміз. Тек біз оны көпшілік алдында жасамаймыз. Мұның барлығын одан әрі насырға шабуын қаламаймыз. Бұл салалық министрліктермен қарым-қатынас деңгейінде іске асырылады. Менің ойымша, мұндай жұмыс бір-бірінен бірдеңені талап етуге және ұрысуға қарағанда анағұрлым конструктив және нәтижелі бола түседі. Бірдеңені алғыңыз келсе, амалдар тауып, сізге қажет нәрселерді алу керек", - деді Назарбаева.