Дариға Назарбаева есімі көрсетілген жарнамаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева есімі көрсетілген жарнамаға қатысты пікір білдірді © Tengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева оның есімі көрсетілген жарнамаға қатысты пікірін журналистерге білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева оның есімі көрсетілген жарнамаға қатысты пікірін журналистерге білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Желіде Дариға Назарбаева электр қуатын үнемдейтін құралдың артықшылықтары жайлы айтты делінген мақала жарияланған болатын.


Жалған жарнамадан алынған скрин

"Маған бұл жарнамаға қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Әрине, бұл мәселені зерттеу керек. Яғни, бұл мәселені қандай заңдардың көмегімен реттеуге болатынын түсіну керек. Себебі, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде кез келген адам арандатушылық мақсаттағы әрекеттердің немесе жалған сұхбаттардың құрбаны бола алады. Осы жағдайлардың барлығы осы саладағы заңнаманы қайта қарауды талап етеді. Менің түсінуімше, бұл осымен бірінші рет болып тұрған жағдай емес", - деп жауап берді Назарбаева журналистерге.

"Мен өзімнің электр қуатын үнемдейтін технологияны жарнамалап жүргенімді Интернеттен білдім. Бұл мәселемен айналысу керек. Сол компания жауапкершілікке тартылуы қажет. Яғни, белгілі бір өнімді шығарып, оларға жосықсыз жарнама жасап жүрген компаниялар жауапкершілікке тартылуы тиіс", - деді Дариға Назарбаева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети