Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Дариға Назарбаева қазақстандық медицина жайлы: Дәрігерлердің де, науқастардың да көңілі толмайды

10 Қараша 2015, 20:18
2
Дариға Назарбаева. © Тұрар Қазанғапов
Дариға Назарбаева. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева отандық денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігінде Назарбаева денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмысшылармен кездесті. Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасының дамуының қорытындысы және 2016-2019 жылдарға арналған жаңа "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы жобасы жайлы айтып берді.  

"(...) Денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктердің бар екенін, әрине, білеміз. Біз мұны Парламентте де айттық және бүгін осы тақырыпты кеңінен талқылауға мүмкіндігіміз барда проблемалардың қалып отырғанын және өз шешімін талап ететінін көріп отырмыз. Әрине, денсаулық сақтау сияқты үлкен салада қандай да бір шұғыл өзгерістер мен жұмақтағыдай өмір келе салмайды. Бұл әрдайым жүріп отыратын процесс. Оған адами ресурсы көп қажет, қаржылай да, басқа да талаптар қажет етіледі. Сондықтан, әрине, бәріміз шыдамды болуымыз керек. Біз бүгін халықтың көріп отырған медициналық жәрдемге қатысты шағымы жайлы, медициналық көмектің қолжетімділігінің деңгейін айтып отырмыз. Жалпы алғанда көңіл толмаушылық және қанағаттанбағандық жоғары деңгейде байқалып отыр. Екі тараптың да көңілі толмайды. Дәрігерлердің де, азаматтардың да көңілі толмайды", - деді Дариға Назарбаева. 

Қазақстан премьер-министрінің орынбасарының айтуынша, елімізде медициналық көмекті шетелден алғысы келетіндердің қатары көбейген. "Қаржыландыру алады, кезекте тұрады, барлық жолды пайдаланады. Ал шетелдік көптеген мамандар дәрігерлеріміздің дайындығының деңгейі жақсы дейді, оның үстіне операция жасату үшін адамдарды сырт елдерге бекер жіберетінімізді айтады, олар сол операцияны өзімізде де жасауға болатынын айтты. Десек те, кемшіліктер жойылмай отыр. Мұнда мәселе медициналық жұмысшылардың төмен құзыры жайлы, осы саладағы мамандарды дайындаудың төмен деңгейде екені жайлы. Мұны бәріміз жақсы білеміз", - деді Назарбаева.

Премьер-министрдің орынбасары денсаулық сақтау саласына соңғы жылдары құйылып жатқан қаражаттың көбейгенін айтты. "Бұл арқылы жаңа ауруханалар салдық, жаңа емханалар аштық, ең жаңа медициналық жабдықтарды сатып алдық, бірақ проблемалар өте көп. Медициналық мекемелердің айтарлықтай бөлігі апаттық жағдайда тұр, ескі. (...) Сондықтан бұл мәселе дереу арада шешілуі тиіс. Және мұның барлығы да қауырт жағдайда болып отыр. Шикізатқа деген халықаралық экономикалық конъюнктураның қандай болып отырғанын біліп отырмыз, сәйкесінше, мемлекеттік бюджетіміздің табысы азайып отыр. Бәріміз де шығындарымызды қатаң түрде үнемдеу фазасына өтіп жатырмыз. Бірақ Мемлекет басшысы әлеуметтік сала - денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғаныс және білім беру деген сияқты салаларда бюджет қысқартуының болмауы керектігін айтты. Әрмен қарай дами бергені және қызметтің жақсарғаны керек. Бұл осындай басты постулат", - деді Дариға Назарбаева.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай