Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандықтардың ұлы бақыты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандықтардың ұлы бақыты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаңа заман міндеттері қызықты әрі күрделі, төтеп беруіміз тиіс дүниелер көп. Бейбіт елде тұрамыз, билік тұрақты, мемлекеттік саясат та, болашақ анық, біздің өміріміз қандай болатыны да белгілі. Қалай болғанда да өміріңді жоспарлау ұлы бақыт: білім аламын, жұмыс істеймін, мақсатыма жетемін деген сияқты. Әр адамның өмірлік мақсаты болуы керек. Бірақ оған білімді және жоғары білікті адамдар ғана жетеді. Әскеріміз тәртіпке үйретеді", - дейді Дариға Назарбаева әскери-патриоттық мәселелер бойынша ведомствоаралық кездесу кезінде жиналған кадеттерге.
Кадет мектептерінің оқушылары Дариға Назарбаевадан бала кезіндегі сүйікті мерекелері туралы сұрады. Сенатор Жаңа жыл мен 1 мамыр болатын деп жауап берді.
Сонымен қатар, астаналық оқушылардың бірі әскерге барудан қашатындарға көзқарас қандай болу керектігі туралы сұрады.
"Ешкімді сынағым келмейді, баға беріп, даттап. Бұл өз еркіңдегі іс. Менің ойым әскерден қашатындар көп дүниеден құр қалады. Физикалық дайындық, шынығу, физикалық және рухани қасиеттердің көпшілігінен қол үзіп қалады деген ойдамын. Мен жастармен жұмыс істегім келеді, олар әскери қызмет қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсету үшін", - деп жауап берді депутат.