14 желтоқсан 2017 | 15:23

Дариға Назарбаева кеншілердің наразылығына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы шахтерлердің наразылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы шахтерлердің наразылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы елде не болып жатқанын біледі. Және мен оның Қарағанды облысында болып жатқан жағдайды барынша бақылап отырғанына сенімдімін. "АрселорМиттал Теміртау" әкімшілігінің жағдайды осылайша ушықтырғаны өкінішті. Кеншілердің жалақысы мәселесі бұрыннан бар, олар талаптарын қойып жатыр. Сондай-ақ, олардың еңбек жағдайының қиын екенін айту керек, жұмыс қауіпті", - деді Дариға Назарбаева.

"Шахтерлердің қойып отырған талаптарын білеміз, олар жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Бірақ мұнда комбинаттың өзіндегі экономикалық жағдайды да ескеру қажет. Ал біз ол туралы білмейміз. "АрселорМиттал Теміртау" да бұл мәліметті жарияламай отыр - жалақыны 100 пайызға өсіруге экономикалық мүмкіндіктері бар ма , жоқ па. Қандай жағдай болсын, мен екі тараптың бір шешімге келіп, мәмілеге келгендерін қалаймын", - деді Назарбаева.

"Мен Сағынтаевтың бұл мәселені бақылауға алғанын білемін. Компания әкімшілігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Министрлер де пікірлерін білдірді. Сондықтан бұл мәселе осылай қалып қалмайды. Компанияның сотқа беруге құқы бар, оларға ешкімнің бас тартуға құқы жоқ. Бұл істі әрі қарай сот шешер. Әрине, министрлік өкілдері қазір сол жаққа барып, екі тараппен де келіссөздер жүргізуі керек еді", - деді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, осыған дейін 600-дей шахтердің жер астында қалып отырғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев те "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірген еді. "Сол жаққа оқиға орнына барып, жағдайды қараймын. Сонда түсінікті болады. Сырттарынан бақылып жүремін, керек болып жатса сөйлесемін. Менің ойымша, негізі онда бас директор Калон немесе Миттал мырзаның өзі жүруі керек", - деген еді Тінікеев.

Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети