Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Депутат Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экономикалық реформалар және Өңірлік даму комитетінің атынан сайланған төраға Альберт Рау өз комитетіне кірген депутаттардың тізімін жариялады.

"Берілген өтініштерге сәйкес Экономикалық реформалар және Өңірлік даму комитетінің құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әміреев, Жамбыл Ахметбеков, Сырым Ертаев, Ғазиз Құлахметов, Самат Мұсабаев, Дариға Назарбаева, Ерлік Әмірғали, Азат Перуашев, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов, Альберт Рауды сайлауын сұраймын", - деді депутат V Палатаның бірінші пленарлық отырысында. 

Мәжіліс комитеттерін келесі адамдар басқарады:

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болып Ерлан Барлыбаев ("Ақ жол" партиясынан");

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы - Жәмила Нұрманбетова;

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы - Қанат Мусин;

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы - Марат Құсайынов;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Айгүл Құспан;

Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы - Александр Милютин (Қазақстан Халық партиясынан);

Альберт Рау экономикалық реформалар және Өңірлік даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Парламентшілер Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев спикердің орынбасары болып сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети