01 сәуір 2016 | 18:17

Дариға Назарбаева оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дариға Назарбаева мұғалімдермен кездесу барысында оқу жылын ұзарту туралы айта отырып, жазғы демалыстың 1 шілдеден басталуы дұрыс деп есептейтінін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дариға Назарбаева мұғалімдермен кездесу барысында оқу жылын ұзарту туралы айта отырып, жазғы демалыстың 1 шілдеден басталуы дұрыс деп есептейтінін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бес күндік оқу аптасына өту туралы сөзінде ол бірінші сынып оқушыларының 1 маусымға дейін оқитынын айтты. Премьер-министрдің орынбасары оқу жылын не себепті ұзарту керек екенін де түсіндіріп кетті.

"Жақында ғана ведомствоаралық комиссияның отырысына қатыстым. Жиында ІІМ өкілдері баяндама жасады. Онда балалардың қылмысқа жазғы демалыс кезінде көп баратыны айтылады. Жазғы лагерьлерде балалардың барлығына бірдей орын жете бермейді. Ата-анасы жұмыста болғандықтан, балалар ойына келгенін істейді. Мәселе осыда", - деді вице-министр.

"Менің білуімше, Еуропа елдерінде балалар жазғы демалысқа 5 шілдеден кейін шығады. Біз де осыған біртіндеп өтуіміз керек. Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар 1 маусымға дейін оқиды. Қазіргі кезде оқу жылы ары кетсе маусымның ортасына дейін созылады. Шынымды айтсам, мен оның шілдеге дейін созылғанын қалаймын. Баласы барлар мені түсінеді деген ойдамын", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар, ол балалардың бір іспен айналысып жүруі өте маңызды екенін жеткізді. "Біз мектеп туризмінің дамып, балалардың елді аралағанын қалаймыз. Олардың тарихи орындарға барып, музейлерді аралағаны дұрыс", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети