Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып келді © Tengrinews.kz

Бүгін Дариға Назарбаева Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырысына сенатор ретінде бірінші рет қатысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Дариға Назарбаева Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырысына сенатор ретінде бірінші рет қатысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Отырыс барысында ол Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды. Осыған дейін комитет төрағасы қызметінде болған Икрам Адырбеков осы комитетте басшы ретінде емес, қатардағы мүшесі ретінде қалды.

Еске салайық, Дариға Назарбаеваның Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалғаны жөніндегі жарлық Ақорданың сайтында 13 қыркүйекте жарияланды. 

Дариға Назарбаева 1963 жылдың 7 мамырында дүниеге келген. Ол - Қазақстан Президентінің үлкен қызы. 2012 жылдың қаңтарындағы парламент сайлауынан кейін ол депутат болып, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды. 2014 жылдың сәуірінде ол бірауыздан Мәжіліс вице-спикері болып тағайындалды. Ал қыркүйекте ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети