Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді © Тұрар Қазанғапов

Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды.

"Дариға Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Өзінің кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство басшысы басты тақырыптары Орталық Азия және Ауғанстан бойынша қарарды ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері болып табылатын 2018 жылдың қаңтардағы БҰҰ ҚК-дегі Қазақстан төрағалығына дайындығы туралы хабарлады.

Сондай-ақ, биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді.

Ведомство мәліметінше, қоғамдық кеңестің ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі кезекті отырысы 2018 жылдың көктеміне жоспарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети