Дариға Назарбаеваға Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік жағдайы баяндалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуді ашқан Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары Алан Әжібаев Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қорытындылары туралы депутаттарды хабардар етті. Атап айтқанда ол технология мен телекоммуникацияны дамытудың ахуалына, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық өнімді арттыруға, сондай-ақ нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіруге тоқталды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда ақпарат саласындағы маңызды қауіптерге қарсы мекеменің іс-қимылы жөніндегі алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі. Талқылауға сенаторлар Мұхтар Алтынбаев, Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Серік Жақсыбеков, Георгий Ким қатысты.

Сондай-ақ, пікірталас барысында алдағы кезеңде осы саланы реттеуге арналған стратегиялық құжаттарды әзірлеу мәселелері көтерілді. Депутаттар ақпараттық қауіпсіздік саласын технологиялық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы мәселедегі мекеме аралық өзара іс-қимылдың кейбір мәселелеріне назар аударды.

Кездесудің соңында комитет төрағасы Дариға Назарбаева талқылау нәтижесі бойынша әзірленген ұсыныстар үкіметке жіберіледі, сондай-ақ заң шығару жұмыстарында ескерілетінін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer